Дәстүрге айналған шара осымен бесінші рет өтті. Биыл 25 аталым бойынша 160-тан астам үміткер бас жүлде үшін бақ сынады. Байқау қатысушыларына ерекше назар аударып, ғаламтор арқылы дауыс берушілер саны да рекордтық көрсеткішке жетті. Барлығы 100 мыңнан астам адам дауыс берген.

Кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін Ғани Қасымов, үздік әнші Димаш Құдайберген, батыл жүрек иесі Бақытбек Смағұл атанса, «Кино беделдісі» аталымы Нұртас Адамбайға бұйырды. Дүбірлі додада біздің арна да үздіктер қатарынан көріне білді. «24 KZ» ұжымы «Үздік телевизия жаңалығы» аталымының жеңімпазы атанды. Нұртас Адамбай, «Кино беделдісі» аталымының жеңімпазы:  - Біздің елімізде осындай ұлттық жүлденің болуы – қуантарлық жайт. Қарапайым халық ғаламтор арқылы өзінің сүйікті азаматтарына дауыс беріп, қолдай алады. Бастысы әділдік сақталады. Мұндай жеңістер әрдайым биіктен көрінуге серпін береді. Алдағы уақытта көрермендерді жаңа фильмдермен қуантпақпыз. Жанр өзгереді. Барлығы халықтың игілігіне жасалып жатқан жұмыс болып табылады.

Подробнее: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/103727-ry-marapattaldy